Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

СҚО: Автопатрульдер тұрғындарға карантин режимін ескертуде

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күндері Петропавл қаласының көшелерінде 15 автопатруль дыбыс күшейткішпен: «Құрметті қала тұрғындары! 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қалаға кіруге және шығуға тыйым салынған. Тұрғындарға тек қана дүкенге, дәріханаға, жұмысқа және үйге баруға рұқсат. Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналмау, 65 жастан асқан азаматтардың үйде болуы қажет. Балалар ата-аналарымен бірге жүруі қажет. Азық-түлік дүкендері және дәріханалар сол қалпы жұмыс істейді. Сауда үйлері және орталықтары, базарлар жабылады. Супермаркеттер сағатт 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді» деген ескертулерді талмай айтып жүр. Оның нәтижесі де жақсы, қала көшелерінде қазір бейсауат жүрген бір адамды көрмейсіз.

СҚО: Автопатрульдер тұрғындарға карантин режимін ескертуде

Қазір карантин режімін сақтауды қадағалауға күштік құрылымдардың 540 қызметкері жұмылдырылған. Оның ішінде полицияның 140 қызметкері, Ұлттық ұланның 150 әскери қызметшісі және Әскери институттың 250 курсанты тартылған. Жаяу жасақтар мен автопатрульдер көшелерді, қоғамдық орындарды бақылап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бейнебақылау камералары карантин кезіндегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы тиімді құрал болып отыр. Облыстық ПД Штабы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бақытжан Әлібековтің айтуына қарағанда, Петропавлда 410 камера жұмыс істеуде. Олардағы бейнекөріністер қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына келіп түседі. Жыл басынан бері бейнебақылау камераларын қолдану арқылы тәртіп сақшылары қылмыстардың ашылуына септігін тигізген 345 фактіні анықтады. Сондай-ақ, 4899 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

 

ПЕТРОПАВЛ